Щучинск қаласындағы жарылыстан жеті адам мерт болды

Ақмола облысы, Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, жеті адам көз жұмды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, төтенше жағдай салдарынан барлығы 26 адам зардап шекті.
«Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ–ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды» деп жазылған департамент хабарламасында.
Қазіргі уақытта 13 зардап шегуші түрлі жарақаттармен Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды. Алты адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.
Minut.kz



