Басты жаңалықҚоғам
Шығыс Қазақстан тұрғындары ауызсумен толықтай қамтылды

Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты толықтай сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасы орындалды. 2025 жылы соңғы 8 жоба аяқталып, өңір тұрғындарының ауызсумен қамтылуы 100 пайызға жетті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл облыста жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Атап айтқанда, 2021 жылдан бері 60 жоба аяқталып, 112 шағын елді мекенде кешенді блокты-модульдік қондырғылар орнатылды. 1 мың шақырымнан астам су құбыр желілері салынды және қайта жаңғыртылды. Осылайша, 48 мың тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.
Жанель Жанболатқызы



