Басты жаңалықБілім

Шығыс Қазақстанда дуалды оқыту жүйесімен 5500 бала білім алып жатыр

Білім алушылар уақытының 60 пайызын тәжірибе алаңында өткізеді

Шығыс Қазақстан облысы дуалды оқыту жүйесін алғашқылардың бірі болып енгізген өңір. Қазір аймақтағы 27 колледж 450-ге жуық кәсіпорын және әлеуметтік серіктес компаниялармен келісімшарт жасасқан. Білім ордаларымен бірлескен мекемелер 44 мамандық бойынша студенттерді даярлап, болашақта жұмысқа қабылдауға ниет білдіріп отыр – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Өндірісті қала Өскемендегі көпсалалы технология колледжі дуалды оқыту бағдарламасын 2007-жылы бастаған. Қазір оқу орны 77 кәсіпорынмен келісім жасап, 500-ден астам студентті осы жүйе бойынша оқытып жатыр.

Мәдияр Солташев студент

Осы колледжде теорияда өткен заттарымызды түстен кейін келіп немесе басқа кездері келіп, осы шеберханада практика жүзінде өтеміз. Мысалы, біз 53 көлігін жөндеп жатырмыз. Маторын жөндеп жатырмыз, – дейді колледж студенті Мәдияр Солташев.

Шығыс Қазақстанда дәрігер мен мұғалімнен бөлек, ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы. Бұдан өзге білікті инженерлер, шеберлер және автобус жүргізушілері де ауадай қажет. Сондықтан болашақ техникалық мамандық иелерін даярлауды облыстағы автопарктер де бірілесіп қолға алған.

Шыңғыс Әбенов автопарктің бас инженері

Әр баланың жанына бір-бір слесарьдыбекітіп, әр жұмысты қалай істеуді үйретеміз. Бұның тиімділігі балаларды осы кәсіпорынға тартып, ары қарай жұмысшы қылып алған кезде жеңіл болады, – деді автопарктің бас инженері Шыңғыс Әбенов.

Дуалды оқыту бағдарламасының тиімділігі де осы тұста. Тәжірибелі мамандар тәлімгерлік етіп, біліктілігін арттырады. Білім алушылар уақытының 60 пайызын тәжірибе алаңында өткізеді. Соның арқасында студенттер диплом алған соң, жұмыссыз қалмайды.

Шынар Кекубаева Көпсалалы технология колледжі директорының орынбасары

Көпсалалы технология колледжі директорының орынбасары Шынар Кекубаева: – Колледж жылына 250-270 түлекті оқытып шығарады. Олардың 80 пайыздан астамы осы ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасуда. Әрине, бұл осы ұйымдастырылып отырған дуалды жүйенің ең басты нәтижесі – деп ойын түйіндеді.

Облыста жұмысшы тапшылығынан бөлек, жаңа мамандық иелеріне де сұраныс көп. Сол үшін білім беру мекемелері бұрын болмаған мамандықтарды ашып жатыр.

Әлима Ақылбек ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары

Энергетика бойынша, суда жүзу бойынша, әуе жолына байланысты жаңа мамандықтар ашылды. Ол мамандықтар бойынша да біздің студенттермен болашақта дуалды оқыту жүйесі ары қарай жалғасатын болады – дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.

Қазір өңірде аталған бағдарлама бойынша 5500 студент білім алады. Олар кәсіпорындарда тәжірибеден өткені үшін жалақымен де қамтылған. Сонымен қатар, оқушының дуалды оқу жүйесіндегі өткізген уақыты еңбек өтілі ретінде есептеледі.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button