Қоғам
Шығыс Қазақстанда күн-райына байланысты жол жабылады

Шығыс Қазақстан облысында күн-райы күрт бұзылды. Күндіз жауған қар толастамай, әлі жауып тұр – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ауа-райының бұзылуына байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылатынын мәлімдеді.
Кешкі сағат 19:00-де облыс аумағындағы бірқатар автожол жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылады.
- Өскемен-Семей автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
- Өскемен-Риддер автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін;
- Өскемен-Шемонаиха автожолының 1104-1191 шақырымы аралығы (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
Жабылған жолдарды 10 желтоқсан күні таңғы 06:00-де ашу жоспарланған. Алайда, ол да күн-райына байланысты.
Minut.kz



