Шығыс Қазақстанда волонтерлік қызмет кеңінен танылған

Шығыс Қазақстанда волонтерлік қызметтің танымалдығы күннен-күнге артып келеді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұған дәлел 2025 жылы Ұлттық волонтерлік желі министрліктің тапсырысы бойынша жүргізілген «Волонтерлік салаға қоғамдық сенім деңгейін бағалау» атты зерттеу жұмысы.
Зерттеу нәтижесінде облыс тұрғындарының 95,3 пайызы волонтерлік қызметтің мәнін түсінетіндігі анықталды.

Өңірде қайырымдылық пен өзгеге қолдау көрсету дәстүрі айтарлықтай дамыған. Тіпті волонтерлікпен айналыспайтын адамдар да бұл бағытпен таныс екені белгілі.
Шығыс Қазақстан осындай көрсеткіштерімен Ақтөбе (99%), Қостанай (97,3%), Павлодар (96,3%) және Ақмола (96,3%) облыстарымен қатар волонтерлік туралы білім деңгейі жоғары өңірлердің алғашқы бестігіне енді.
Өткен жылдың 19 қарашасында аймақ тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту мақсатында «Мейірімді Шығыс» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция қоғам тарапынан кең қолдау тауып, республикалық деңгейге дейін жетті.
Нәтижесінде акцияға шамамен 10 мың адам қатысып, волонтерлік қозғалыстың қоғамдағы рөлі артқаны айқын көрінді. Бұл – өңірдегі жастар мен азаматтардың қайырымдылыққа, басқаға қолдау көрсетуге деген қызығушылығының айқын дәлелі.
Minut.kz



