Білім
Шығыс Қазақстандағы оқушылар онлайн оқуға көшіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы 23 жалпы білім беретін мектептің 169 сыныбы толықтай онлайн оқытуға көшті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Осыған байланысты 3015 оқушы уақытша қашықтан оқиды. Бұл жағдай жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты болып отыр.
Қашықтан оқуға ауысқан 3015 баланың 1697-сі бастауыш сыныптың оқушылары. Онлайнға ауысқан сыныптар Өскемен қаласының 18 мектебіне және Күршім ауданының 3 мектебіне, Ұлан ауданының 2 мектебіне қарасты.
Айта кетейік, онлайн форматқа уақытша көшу сыныптағы оқушылардың 30 пайыздан астамы медициналық анықтамамен дәлелденген себеппен сабаққа қатыспаған жағдайларда жүзеге асырылады.



