Басты жаңалықДенсаулық

Шығыста Қазақстан облысында дәрігер сотталды

Үлкен Нарын ауданында тұратын әйел аудандық ауруханаға иық тұсы ауырып жүгінген. Дәрігер оған «иық буынының артрозы» диагнозын қойып, новокаин егуді міндеттеген – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бірнеше екпеден кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындап кеткен. Осыдан кейін науқас Алтай аудандық орталық ауруханасына жүгінген. Онда науқасқа мүлдем басқа диагноз қойылып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы жасалды. Онда денсаулыққа ауыр зиян келгені анықталды. Сот барысында жәбірленуші дәрігерден моральдық залал ретінде 10 млн теңге өндіруді сұрады. Сот бұл соманы 3 млн теңгеге дейін азайтып, дәрігерді бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Алайда «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» заңға сәйкес, сотталушы тағайындалған жазадан босатылды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button