Басты жаңалықҚоғам

Шығыста «Шығыс Салбурыны-2025» Халықаралық фестивалі басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс Салбурыны-2025» халықаралық бүркітшілер фестивалі басталды. Бесінші мәрте өткізіліп отырған құсбегілер сайысы биыл да салтанатпен ашылып, саятшыларға құрмет көрсетілді.

Фестивальге Қазақстан мен Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан бастаған барлығы 7 мемлекеттен 103 құсбегі 87 бүркіт, 14 қаршыға, 17 ителгі әкелген.

Қатысушылар бүгін жарыстың алғашқы күні қырандарын қолға шақырып бақтарын сынап жатыр. Бұдан кейін шырға тарту, қоя мен түлкіге салу сияқты дәстүрлі сайыстарда сынға түседі. Сондай-ақ, фестиваль аясында жылқышылар асау үйретіп, сұр мергендер садақ атып жарыспақ.

Айта кетейік, Шығыс Салбурыны 2020-жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы жылы 15 бүркітші қатысқан болатын. Ал 2023-жылдан бастап Халықаралық деңгейде ұйымдастыруда.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button