Басты жаңалықЭкономика

Шығыста туризм саласына көп көңіл бөлінуде

Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтердің жұмысы жөнге келтірілген. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Премьер-министр өз сөзінде өңірлерде туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы соның ішінде, Шығыс Қазақстанда танымал туристік аймақтарда коммуналдық қызметтердің жұмысы жолға қойылғанын мәлім етті.

Айта кетейік, облыста саладағы жүйелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында өңірдің туристификация картасы бекітілген. Соған сәйкес 23 басым туристік аумақ айқындалып, олар бойынша инфрақұрылымдық жобалар тізімі жасалып жатыр. Аталған жобаларды іске асыру биылдан кезең-кезеңімен басталады.

Шығыс Қазақстанға келетін туристер саны жыл сайын өсіп келе жатқандықтан жаңа орналастыру нысандарына деген сұраныс көбеюде. Осыған байланысты инвесторларды тартуға ерекше назар аударылған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button