Таяу Шығыстағы дәрігерлер елге оралды
Шығыс Қазақстан облысының жеті дәрігері Израильде өткен тағылымдамадан кейін аман-есен елге оралды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Медицина қызметкерлері өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағдарламасы аясында біліктілігін арттырып жатқан. Алайда аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты олар шұғыл түрде эвакуацияланды.
Өскемен әуежайында дәрігерлерді туған-туыстары, әріптестері мен жақындары қарсы алды. Елге оралу үшін оларға шамамен 37 сағат жол жүрген.
№4 қалалық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Жанболат Ғазизовтың айтуынша, қазақстандық мамандар бастапқыда «Шиба» клиникасының жанындағы қорғалған қонақүйге орналастырылған. Кейін қауыпсіз эвакуация бағыты ұйымдастырылып, алдымен автокөлікпен Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына жеткізіліп, сол жерден ұшақпен Қазақстанға ұшып келген.
Осы уақыт бойы дәрігерлер дипломатиялық қызметтермен және медициналық мекемелердің басшылығымен тұрақты байланыста болды.
Айта кетейік, тағылымдама 20 ақпаннан басталған. Дәрігерлер біліктілігін арттыру үшін және заманауи емдеу әдістерін үйренуге барған. Бағдарламаға Ана мен бала орталығының, Өскемендегі №4 қалалық аурухананың және Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының мамандары қатысқан.
Minut.kz



