Экономика
Теңгемен және шетел валютасымен берілетін несие пайызы өсті

Қазан айының қорытындысы бойынша Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеруіне байланысты теңгемен берілетін несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемелері өсті:
- заңды тұлғалар үшін 19,1%-дан 19,7%-ға дейін;
- жеке тұлғалар үшін 21,4%-дан 21,5%-ға дейін.
Ал шетел валютасымен берілетін несиелер бойынша мөлшерлемелер әртүрлі бағытта өзгерді:
- заңды тұлғалар үшін 6,9%-дан 7,1%-ға дейін өсті;
- жеке тұлғалар үшін 6,9%-дан 5,6%-ға дейін төмендеді.
Minut.kz



