Басты жаңалықСаясат

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасында мемлекеттік сапармен жүр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button