Басты жаңалықСаясат

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Ақордада 2030 жылға дейінгі ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, жиын Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен өтті. Құжат алдағы бес жылдағы ықтимал сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл тәсілдерін айқындайды. Отырыста геосаяси ахуал ескеріліп, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Үкімет ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың алдыңғы кезеңі бойынша есеп берді, мемлекеттік органдар жетекшілері негізгі бағыттар туралы баяндама жасады. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин орта мерзімді басымдықтар мен тәуекелдерді басқару тетіктерін таныстырды.

Мемлекет басшысы қорғаныс қабілетін нығайту, киберқауіпсіздікті күшейту, азаматтар мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді азайту міндеттерін атап өтті. Сонымен бірге білікті шетелдік мамандарды тарту бағдарламасын жедел әзірлеуді тапсырды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button