Экономика
Трамп «Алтын карта» визасын шығарды
Дональд Трамп Америка құрама штаттарында тұрып, кейін азаматтық алғысы келетін ауқатты шетелдіктерге арналған «Алтын карта» жобасын іске қосты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ол тура жасыл карта сияқты, бірақ өте қымбат. Оны арнайы веб-сайттан бір миллион долларға сатып алуға болады. Барлық ақша АҚШ үкіметіне түседі.
Америка Президенті осы жоба елге мол қаражат әкелуі мүмкін. Нәтижесінде АҚШ-тың ұлттық қарызы азаяды. Елге еңбекқор, дәулетті азаматтар келіп, көп жұмыс орнын ашады деп үміттенеді.
Жанель Жанболатқызы



