Экономика
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарады

«Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен бес түрдегі биколорлы монета айналымға шығарылады. Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.
Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған. Номиналы — 100 теңгелік, әр түрінен — 3 миллион дана.
Жанель Жанболатқызы



