Спорт
Ұлттық банк олимпиадашыларға арнап монета шығарды

Ұлттық банк «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монеталарын айналымға шығарады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Номиналы мың теңгелік монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы — proof, таралымы — 2000 дана.
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада 6 ақпанда басталады. Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қазақстан атына 36 спортшы қатысады.
Minut.kz



