Ұлттық қор активтері 63,6 млрд долларға жетті

Қазақстанның халықаралық резервтері бір жылда 20%-дан астам өсті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
2025 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері айтарлықтай ұлғайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қараша айының соңында елдің жалпы халықаралық резервтері 125,7 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш жыл басымен салыстырғанда 20,1%-ға жоғары.
Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері бір жылда 35,5%-ға өсіп, 62,1 млрд долларды құрады. Ал Ұлттық қор активтері 8,1%-ға артып, 63,6 млрд долларға жеткен.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 11 айында Ұлттық қордың инвестициялық табысы 13,7% болып, 8,2 млрд долларды құрады. Жыл басынан бері қорға түскен түсім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетсе, республикалық бюджетке Ұлттық қордан 4,9 трлн теңге көлемінде трансферт бөлінді.
Minut.kz



