Қоғам

ҰҚК 2025 жылы 20 қылмыстық топтың жолын кесті

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі шаралар туралы жарияланды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметі комитет ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асыратынын мәлімдеді.

  • 2025 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.
  • Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдары іздеу жариялағандар ұсталды.
  • Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
  • Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button