Қоғам

ҰҚК есірткі контрабандасының арнасын жойды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Алматыда 8 келі синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button