Басты жаңалықЭкономика

ҰҚК қарашада жемқорлыққа қатысты 100 қылмысты тіркеді

ҰҚК қараша айында әшкере болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижесін жариялады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді:

  • 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 8;
  • 190-бап (алаяқтық) — 15;
  • 194-бап (қорқытып алу) — 1;
  • 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) — 1;
  • 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) — 1;
  • 249-бап (рейдерлiк) — 2;
  • 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) — 11;
  • 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) — 4;
  • 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) — 1;
  • 366-бап (пара алу) — 17;
  • 367-бап (пара беру) — 33;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 2;
  • 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) — 1;
  • 371-бап (салғырттық) — 1;
  • 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) — 1;
  • 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) — 1.

24 қылмыстық іс сотқа жолдаған. Олар:

  • 190-бап (алаяқтық) — 10;
  • 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) — 1;
  • 366-бап — (пара алу) — 3;
  • 367-бап (пара беру) — 8;
  • 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) — 2.

Келтірілген залал бойынша 409,6 млн теңге шығын өтелген.

Жұмыс жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button