Басты жаңалықБілім

Ұстаздар шағымына қатысты әлі нақты шешім қабылданған жоқ

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы №11 мектептің ұжымы арыз-шағымдарын құзырлы органдарға Е-өтініш порталы арқылы ресми түрде жолдады – деп хабарлайды Minut.kz тілші.

Облыстық білім басқармасы тарапынан құрылған жұмыс тобы мұғалімдердің талап-тілегін тыңдап, тексеріп жатыр. Мамандар мектеп педагогтерімен және ата-аналарымен  кездесті.

Ал бұлай жаппай ұстаздар қарсылығын тудырған жағдайға байланысты шешім нақты қортынды жасалған соң қабылданбақ.

Әзірше білім басқармасы: – қазіргі уақытта жағдай тұрақты, мектепте оқу-тәрбие жұмысы жалғасуда. Ұжым Е-өтініш порталы арқылы білім басқармасына жүгініп, онда көрсетілген фактілер бойынша тексеру жүргізуді және туындаған жағдайға түсініктеме беруді сұрады. Өтініш комиссиямен жан жақты қаралып, шешім қабылданатын болады – деген мәлімет қана таратты.

Айта кетейік, кеше риддерлік ұстаздар жұмысқа шықпаймыз деп үндеу жасап, әлеуметтік желіге жариялаған болатын.

Бейнеүндеуде мұғалімдер оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиевтердің аттарын атап тұрып, мектепке жасалып жатқан психологиялық қысым мен негізсіз тексерулерді тоқтатуды сұраған болатын.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button