Экономика

Қаржы вице-министрі алақанмен төлем жасау жүйесі жайлы айтты

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Қазақстанда адамның алақаны арқылы төлем жасау жүйесін енгізу қаншалықты қауіпсіз екенін айтты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елдегі банктердің бірінің алақанмен төлем жасау жүйесін енгізуіне қатысты сұрақ қойылды. Тілшілер: — Бұл жүйе қаншалықты қауіпсіз? Мемлекеттік органдар да төлемнің осы жүйесін енгізуді жоспарлап отырма?, — деп сұрады.

Вице-министр қазір елдегі банктерді цифрландыру деңгейі өте жоңғары екенін айтты.

— Бұл бағыттағы жаңа тетіктерді ҚР Ұлттық банкі үнемі қағалап отыратыны белгілі. Кез келген осындай техникалық жаңа теріктер ақпараттық қауіпсіздік талаптары қамтылған тиісті заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Менің ойымша, бұл жаңа тетік сынақтан өтіп, тыңғылықты тексеріледі. Сондықтан заңнама аясында бұл жаңа тетіктер заңға сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін барлық рәсімдерден өтуі қажет, деді Ә. Тұрысов. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button