ШҚО-да жол апатынан 180 адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тапты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жалпы өңірде биыл көлік апаты күрт көбейген. Жыл басынан бергі 11 айда 1093 жол оқиғасы тіркеліп, 180 адам мерт болды. Қаза тапқандар арасында 94 ерлі-зайыпты бар. Марқұмдардың артында 179 бала жетім қалды.
Облыс аумағында 2023-жылы 443 жола апаты болса, бұл көрсеткіш былтыр 847-ге дейін өскен. Биыл жыл толмай жатып мыңнан асты. Тас жолдағы апаттардың 87 пайызы жеңіл көлік жүргізушілерінің кінәсінен болған. Онда жүргізушілер қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты рұхсат етілген шекті мөлшерден асыру секілді өрескел ереже бұзған. Жол қозғалысы кезіндегі салғырттық та жазатайым оқиғаларға негізгі себептердің бірі болып отыр.

17 апат мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілердің кесірінен болған. Салдарынан 21 адам қайтыс болды, оның ішінде бір бала бар. Осы фактілер бойынша 59 кінәлі адам сотталды. Соған қарамастан, биыл 1160 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың 75-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО Прокуратурасының аға прокуроры Рауан Сайранбекұлы.
Minut.kz



