Экономика
ШҚО-да тұрмыстық және тұнба қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады
Шығыс Қазақстан облысында тұрмыстық және тұнба қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Алматыда өткен «Қазақстан-Қытай» форумында меморандумға қол қойды. Екіжақты келісім бойынша қытайлық Beijing Tizhi Trading Co., Ltd. Компаниясы тұрмыстық және тұнба қалдықтарын өңдеу кешенін іске асыру жобасын жүзеге асырады.
Жобаға 35,8 млрд теңге инвестиция салынады деп күтілуде. Кешеннің есептік қуаты тәулігіне 500-700 тонна болады.
Жоба полигондарға көмілетін қалдықтар көлемін азайтуға, жылына кемінде 59 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіруге және көгалдандыруға арналған органикалық тыңайтқыш шығаруға мүмкіндік береді.
Minut.kz



