Шекаралы аймақтарда шектеу енгізіледі
Шығыс Қазақстан облысында желтоқсанның 11-і мен 18-і аралығында «Қалқан-2025» шекаралық операция жүргізіледі – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Арнайы шара Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жауапкершілік учаскесінде шекара кеңістігі шегінде заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында өткізу жоспарланған.
Осыған байланысты Шемонаиха, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Марқакөл және Қатон-Қарағай аудандарының бірқатар елді мекендерінде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.
Комитет қызметкерлері азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулерін, расталмаған мәліметтер таратпауларын, сондай-ақ өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын алып жүрулерін ескертеді.
Minut.kz



