Басты жаңалықДенсаулық

Биыл Өскеменде 2 рет мүше алмастыру отасы жасалды

Шығыс Қазақстан облысында 232 пациент донорға мұқтаж. Олардың жетеуі бла. Ал еліміз бойынша 4500 адам кезекте тұр. Науқастарға бауыр, бүйрек, жүрек және «жүрек-өкпе» кешенін трансплантациялау қажет – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жалпы соңғы уақытта донорлықтан бас тарту көбейген. Тек Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан астам адам қарсы болған. 360 адам келісім берген. Соған сәйкес, биыл Өскеменде 2 рет мүше алмастыру операциясы жасалды. Екі донор 12 қазақстандықтың өмірін сақтап қалды.

Аслан Нұрғалиев ШҚО өңірлік транспланткоординаторы

Бес әлеуетті донор анықталды, тек 2 пациент бойынша туыстардан рұқсат алынды. Осы рұқсаттардың арқасында біз 12 қазақстандыққа екінші өмір сыйладық, олардың ішінде балалар да бар, — деді ШҚО өңірлік транспланткоординаторы Аслан Нұрғалиев.

Қазақстанда трансплантациядан жеке пайда табуға мүмкіндік бермейтін көп сатылы қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүшелерге мұқтаж пациенттер туралы ақпарат құпия болып табылады, адам араласуы минималды. Рецепиенттерді таңдау компьютер арқылы жасалады, сәйкестікті тексеру де сол арқылы жүргізіледі.

Донорлықтағы ең күрделі мәселе – туыстарының рұқсатын алу. Күрделілік критикалық жағдайларда шешімді туыстар қабылдайтындығында. Дегенмен азаматтар қазір eGov.kz платформасы арқылы өмірінде донорлыққа келісім бере алады және кез келген сәтте өз пікірін өзгерте алады, деді Аслан Нұрғалиев.

Егер адам өмірінде өз келісімін білдірген болса, мамандар мүшені трансплантациялау үшін туыстардан рұқсат алмайды және өліктің ерік білдіруіне сәйкес әрекет етеді.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button