Басты жаңалықЭкономика

Мемлекет басшысы бюджет туралы заңға қол қойды

Президент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Үш жылға арналған құжатта не көзделгенін жеке-жеке жазайық.

  • 2026 жылы бюджет кірісі 3,6 трлн теңгеге ұлғаяды. Бұл 1-ші қаңтарда күшіне енетін Салық кодексінің арқасында мүмкін болмақ.
  • 2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5% деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр.
  • Әлеуметтік бағытқа 2026 жылы 10,7 трлн теңге бөлінбек. Оның ішінде әлеуметтік төлемдерге 6,8 трлн теңге, адами капиталға 3,9 трлн теңге қарастырылған.
  • жалақының ең төмен мөлшерi — 85 мың теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 35 596 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi — 69 049 теңге;
  • айлық есептiк көрсеткiш — 4 325 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы — 50 851 теңге.
  • Күш құрылымдарына 3 жылда 3 трлн теңге бөлінеді.
  • Алдағы үш жылда өңірлерді дамытуға 581 млрд теңге қарастырылған.
  • Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге алып отыру көзделген.
  • Донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөледі. (Үш жылдан кейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары донор өңірге айналуы мүмкін).
  • Экономикалық өсім — 5,3%, инфляция — 6%

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button