Қоғам
Енді бекітілген егіс алқабынан артық егістікке су берілмейді

Егіс алқабы бекітілген кестеден 1 гектар артық егілсе, енді оған су берілмейді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Үкімет басшысы Су ресурстары министрлігіне бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алуды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде тиісті кесте бекіткен. Енді барлық жұмыс осы кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
Жанель Жанболатқызы



