«Әкесі» депутат «Әкім» басқаратын ауданның көрсеткіші төмен
ШҚО-да жыл соңында жұмыс көрсеткіші ең төмен 3 әкімге қатысты шара қолданылады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдерімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысын талқылады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жиында бірнеше өңірде атқарылған жұмыс қарқыны көңіл көншітпейтіні белгілі болды. Бұл көрсеткіш Глубокое, Алтай аудандары және Риддер қаласында байқалған.
Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Самар, және Ұлан аудандарында да кей көрсеткіштерге көңіл толмайды. Аталған қала, аудандардың әкімдері аймақ басшысына жыл соңына дейін жағдайды ретке келтіру үшін қандай жұмыстар атқарылатынын айтып берді.
Жыл соңында көрсеткіштері ең төмен 3 әкімге қатысты тиісті шара қолданамыз. Біз облысқа құйылатын инвестиция көлемін арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын жобаларды көптеп қолға алуымыз керек. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер!, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Өңір басшысы жиын соңында барлық әкімдерге қатаң ескерту жасады.
Minut.kz



