Қазақстанда қару иелеріне қойылатын талап күшейеді

Мәжіліс депутаттары күзет қызметіне қатысты заңдарға түзетулер енгізетін заң жобасын екінші оқылымда қабылдады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Құжаттың мақсаты – қару айналымын мемлекеттік бақылауды күшейту және қару иелеріне қойылатын талаптарды нақтылау.
Жоба бойынша азаматтық және қызметтік ойық оқпанды қарулар міндетті түрде бақылау үшін оқ атудан өткізіледі. Ал қызметін уақытша тоқтатқан заңды тұлғалар он жұмыс күні ішінде қару мен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына тапсыруға тиіс.
Күзет ұйымдары уәкілетті органға өз қызметі туралы тұрақты есеп беруге міндеттеледі. Заң жобасы «әскери теміржол күзеті» түсінігін енгізіп, транзиттік жүк тасымалдау объектілерін үздіксіз қорғауды қамтамасыз ететін арнайы құрылым құруды көздейді.
Құжат Сенат қарауына жіберілді.
Minut.kz



