Қоғам

Ақтөбеден ұшқан ұшақ жолаушының өліміне байланысты шұғыл қонды

Ақтөбеден Алматыға бет алған рейс жолаушының өліміне байланысты шұғыл қонды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

DV712 Ақтөбе–Алматы рейсі кезінде бір жолаушының жағдайы кенет нашарлап, экипаж дереу дабыл беріп, алғашқы медициналық көмекті көрсете бастады. Борттағы кардиолог пен медицина бойынша дайындықтан өткен жолаушылар да реанимацияға қосылған.

Оқиғаға байланысты ұшақ командирі шұғыл түрде Ақтөбеге кері қайтқан. Әуе кемесі қысқа уақытта қонып, науқас жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер барлық шараны жасағанымен, жолаушының қайтыс болғанын растады.

SCAT әуе компаниясы марқұмның туыстарына көңіл айтатынын хабарлады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button