Алматыда нәрестелерді сатқан топ ұсталды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолын кесті. Барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.
Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — деп хабарлады ІІМ.
Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіледі.
Minut.kz



