Экономика

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тиым салынды

Ел аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп отыр деп ақпарат берді.

Қазақстан аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұл шектеу республика аумағы арқылы өтетін тауық жұмыртқаларының транзитіне, сондай-ақ өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір елден екінші елге өтуіне қатысты қолданылмайды.

Бұйрық 11 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button