Қоғам
Өскеменде салынатын ЖЭО-на әлі инвестор табылған жоқ

Ресей Қазақстанға уәде еткен 3 жылу электр станциясын салып бермейтін болды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Үкімет Көкшетаудағы жылу орталығын өз күшімен салу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Ресей тарапына премьер-министрдің жұмыс сапары кезінде хабардар етілген. Ол туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Жобаны толықтай «Самұрық-Энерго» компаниясы жүзеге асырады.
Ал Семей мен Өскемендегі жылу электр станциялары бойынша әзірге инвесторлар табылмаған.
Министрдің айтуынша, Ресей тарапынан да жеңілдетілген қаржыландыру бойынша нақты жауап жоқ.
Minut.kz



