Басты жаңалықҚоғам

Баспанаға жауапты бөлім басшысы пәтерді заңсыз иемденіп алған

Өскеменде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметтік пәтерді заңсыз иемденіп алған – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызметкердің бұл әрекеті сотта дәлелденіп, баспана мемлекет иелігіне қайтарылатын болды.

Қала әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының заңға қайшы шешімі пәтерді бөлім басшысының рәсімдеп алуына негіз болған. Қалалық сот бұл келісімді заңсыз деп тапты. Апелляциялық сатыда қаралған істе де шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Бұдан кейін «Әдеп жөніндегі кеңес» мүшелері мұны «мемлекеттік қызметке кір келтіру» деп бағалады. Бөлімді небәрі бір жарым жыл басқарған басшы, мәселе ушыққанда өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш беріп, жылы орнын суытқан.

Енді қала әкіміне комиссия құрамында болған тағы бір шенеунікті жазалау туралы ұсыныс жолданды.

Ержан Айқынбеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы

Әдеп жөніндегі кеңесте барлық мән-жайларды, тергеп-тексеру материалдарын қарап, зерделеп, талқылап, мемлекеттік қызметке кір келтірген деген тәртіптік жаза танылып, ол кісіге тиісті тәртіптік жазаға тарту бойынша шешім шығарып, ұсыным Өскемен қаласының әкіміне жіберілген болатын,деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Айқынбеков.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button