Экономика

Сиыр етін шығаруға шектеу тағы жарты жылға ұзартылады

Сиыр етін шығаруға шектеу тағы жарты жылға ұзартылады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрық жобасында жазылған. Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан 6 ай мерзімге ірі қара мал етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген.

Ведомство бұл шараның негізгі мақсаты сиыр етінің бағасын тұрақтандыру деп отыр. Ашық талқылау 24 желтоқсанға дейін жалғасады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button