Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД президенттерімен бірге Эрмитажды аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.


Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.

Меймандар музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.
Жанель Жанболатқызы



