Экономика

Жаңа үлгідегі 500 теңгелік банкнот айналымға шықты

Ұлттық Банк 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл – «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота.

Банкноттардың түсі – көк.

Бет жағында:

— көкте қалықтаған құспен «Бәйтеректің» бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);

— ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;

— артефакт – Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).

Банкноттың артқы жағында:

— ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;

— негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:

«Қалқан» – құндылықтар қорғанын білдіреді,

ежелгі символ – дүниенің төрт құбыласы,

ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген.

— банкноттың ортасында қазақи «шексіздік» ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде «Мұзтау» тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.

Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Ақшаны елдің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажеттігі айтылды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button