Экономика
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
Тоқаев Бектеновке инвестиция тарту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Олжас Бектенов Президенттің экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
Жанель Жанболатқызы



