Саясат
Биыл Мәжіліс 100 заң қабылдады

Парламенттің төменгі палатасы 2025 жылдың қорытынды отырысын өткізді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Халық қалаулыларының қорытынды жиынында: – Биыл 100 заң қабылданды, оның 24-не депутаттар бастамашы болды, – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
- Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылданды;
- Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша жұмыс аяқталды;
- «Жасанды интеллект туралы» жаңа Заң қабылданды;
- Лудомания бойынша жаңа нормалар енгізілді. Халықты, соның ішінде жастарды қорғау үшін ғимараттарда және онлайн-кеңістікте букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынды;
- Некеге тұруға мәжбүрлеу заңмен реттелді;
- Қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтардың проблемасын шешуге көмектесетін нормалар қабылданды. Халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтары үшін займдар мен шағын несиелері бойынша мерзімін кемінде үш айға шегеру мүмкіндігі белгіленді. Кепілсіз онлайн несиелер ресімдеу кезінде «салқын ақылға салып» шешім қабылдауға мұрсат беру енгізілді;
- Мемлекеттен білім капиталы қарастырылған «Келешек» жүйесі іске қосылды. Дарынды балаларды қолдауға бағытталған нормалар енгізілді;
- Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдер де қайта қаралды. Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізілді.
Сондай-ақ депутаттар 1991-2021 жылдар аралығында асыраушысы қайтыс болған 500-ден астам отбасыға ай сайынғы жәрдемақы төлеу мәселесін шешті.
Minut.kz



