Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда 23 рет шетелге шықты
Өзге президенттермен телефона арқылы 43 мәрте сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025-жылы жиырмадан астам елге барып, халықаралық дәрежедегі кездесулер өткізді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Сонымен Президент сапарларын тарқатсақ, Ресей мен Өзбекстанға мемлекеттік сапарлар ұйымдастырылды. Қытай Халық Республикасы, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония елдерінде ресми деңгейдегі бес сапар өтті. Сондай-ақ Ресейге екі рет, Америка Құрама Штаттарына екі рет, Түрікменстанға екі рет және Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан мен Қырғызстанға жұмыс бағытындағы он алты сапар жүзеге асырылды.
Бұл кездесулер Қазақстанның аймақтық серіктестерімен және жаһандық державалармен көпвекторлы байланысын нығайтуға бағытталды. Нәтижесінде халықаралық ынтымақтастық күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
Халықаралық кездесулер кезінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды.
Мемлекет басшысы шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізді.

Елімізге шет ел Президенттері 30 рет сапармен келді
2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді.
Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар.
Тоқаев өзге президенттермен телефона арқылы 43 мәрте сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Мемлекет басшысы он шақты күнін ұшақта өткізді
Бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүрді. 252 сағат уақытын ұшақта өткізді.
Жанель Жанболатқызы



