Спорт

Олимпиадаға арналған киімдерінің эскизі бекітілді

Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиада ойындарына арналған киімдерінің эскизі бекітілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Комиссия спорттық киім-кешектің эскизін бекітті, қазір ол Халықаралық Олимпиада комитетімен келісілуде – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Қысқы Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Бұл жолғы Олимпиада ойындарына дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінді.

Туризм және спорт министрінің сөзінше, 585 млн теңге – федерациялардың қаражаты. Республикалық бюджеттен 5,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 6,2 млрд теңге, Туризм және спортты қолдау қорынан 1,2 млрд теңге бөлінген.

Қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 35-ке жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button