Қоғам
Көптеген өңірлерде боран соңып, көктайғақ болады

Қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты еліміздің көптеген өңірлерінде күн-рай бұзылады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында көктайғақ күтілуде.
БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады.
Алматы, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларында тұман болады.
Minut.kz



