Экономика
Биыл зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 6,8 трлн теңге жұмсалады

2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 6,8 трлн теңге бағытталады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл 2025 жылғы шығыстардан 15,1%-ға немесе 897,7 млрд теңгеге артық. 4 трлн 890 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл 2,6 млн зейнеткерді қамтуға бағытталады. Тағы 1 трлн 893 млрд теңге жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбек министрлігінің хабарлауынша, қалған қаражат мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету, есту қабілеті бұзылған балаларға оңалту және т.б. қызметтер көрсетуге бағытталмақ.
2025 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 5 трлн 858 млрд теңге жұмсалған болатын.
Minut.kz



