Қоғам
Елімізде тағы 2 спутниктік интернет операторы қосылуы мүмкін

Елімізде тағы екі спутниктік интернет операторы қосылады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Министрдің сөзінше, биыл жаңа операторлар бойынша пилоттық сынақтар өтеді. Қазір елімізде үш спутниктік интернет операторы жұмыс істеп тұр. Олар Starlink, OneWeb және ұлттық оператор KazSat.
Minut.kz



