Саясат
2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 қаңтар.
№ 1151



