Қоғам

Былтыр жемқорлық туралы хабарлаған 61 адам сыйақы алған

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері жарияланды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде.

  • 2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.
  • 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.
  • Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты.
  • Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
  • Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.
  • Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button