Басты жаңалықБілім

ШҚО-да бірқатар мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданындағы мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бүгін яғни, қаңтардың 9 күні Риддер қаласында ауа-райының -26 градусқа дейін суытуына байланысты 1 ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті.

Сондай-ақ, Алтай ауданында да ауа температурасы -28-ден -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысым сабақтары онлайнға ауысты. Олар Полянская орта мектебі мен Дородницкая негізгі мектебі, Никольская орта мектебі, Бородинская орта мектебі және Подорловская бастауыш мектебіндегі 0-4 сыныптар.

Ал Алтай қаласындағы Тұрғысын орта мектебінің, Средигорное орта мектебінің, Маяк орта мектебінің, Зубовка орта мектебінің 9 сыныпқа дейінгі оқушылары мектепке бармады.

Чапаев, Михаил Харин, Леснопристань, Путинцево, Соловьево, Михаил Бикетов атындағы орта мектептер мен Быковка негізгі мектебінің және Новокрестьянка бастауыш мектебінің барлық оқушылары онлайнға көшті.

Үлкен Нарын ауданындағы Ново-Хайрузовка орта мектебінің бастауыш сыныптары, Сенное негізгі орта мектептің 9 сыныпқа дейінгі оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Бұл ауданда да аяз түсіп, ауа температурасы -28-ден -32 градусқа дейін төмендеген.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button