Қоғам
Шығыста күн-райына байланысты бірқатар жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары» тас жолының 7-166 шақырымы, облыстық маңызы бар «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» жолының 45-60 шақырымы жабық.
Сонымен қатар, Өскеменнен Риддер арқылы Ресей шекарасына дейінгі жолда автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін шектеу қойылды.
Мұндай шектеу «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары», «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» және «Шемонаиха-Секисовка» жолына да қатысты.
Minut.kz



