Экономика

ШҚО әкімі Мәжіліс депутаттарымен өңірді дамыту жайын талқылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды тақырыптар сөз етілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ерболат Саурық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Аймақ басшысы алдымен «Ауыл» фракциясының мүшесі Ерболат Саурықовпен жүздесіп, ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және ішкі туризмнің жаңа бағыттарын қалыптастыру жайын талқылады. Сонымен қатар, шалғайдағы аудандар халқының өмір сапасын жақсарту, шекара маңындағы аумақтардың әлеуетін тиімді пайдалану секілді мәселелер қаралды.

Динара Наумова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Одан кейін облыс әкімі «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумовамен кездесті. Тараптар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ерекше қажеттіліктері бар жандарды жұмыспен қамту және олар үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау бағытындағы бастамалар сөз болды.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашу бойынша облыста тиісті шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл іске облыстағы ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері белсенді түрде ат салысып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға үлес қосып отыр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button